Запастағы офицерлер біліктілігін арттырды
Қарулы Күштерде запастағы офицерлердің екі жылдық қайта даярлау курсы аяқталды.
Бағдарлама аясында тылдық, инженерлік, байланыс және өзге де әскери сала мамандары теориялық және практикалық дайындықтан өтті. Олардың бір бөлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты базасында біліктілігін арттырды. Оған запастан шақырылған 19 офицер қатысты. Олар заманауи байланыс техникасын қолдану, бөлімшелерді басқару және жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру бойынша машықтарын пысықтады. Сондай-ақ Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастырған инженерлік бағыттағы курс та өз мәресіне жетті.
Рахат Төлебай, жиын бастығы, майор:
- Бұл жиын 29219 әскери бөлімінің аумағында жүргізіліп жатыр. Сабақтарды жүргізу үшін білікті мамандар кафедра бастықтары, аға-офицерлер, қызмет бастықтары тағайындалды. Сонымен қатар әр күнге бағдарлама бойынша 14 күн белгіленген күндік сағаты 8 сағат, 40 мин құрайды.
Алмас Аманбек, пәтер-пайдалану қызметінің бастығы, лейтенант:
- Алып жатқан біліміміз алдағы атқаратын лауазымымыз бойынша міндеттерді атқаруға көмегін тигізеді. Өзімнің жеке алғысымды ҚР Қорғаныс министріне ҚР Қарулы Күштерінің тыл бастығына айтқым келеді.