Қарағандыда нейрохирургтардың VI конгресі өтті

Ұлттық нейрохирургия орталығында жылына 50 мың адамға операция жасалады. Жылда жаңа емдеу әдістері енгізіліп, дәрігерлер біліктілігін арттырып отырады.

Қарағандыда өткен Қазақстан нейрохирургтерінің VI конгресіне барлық өңірден 250-ден астам маман қатысты. Іс-шарада ми және жұлын ауруларын емдеудегі заманауи технологиялар сараланып, саланы дамыту жайы талқыланды. Бүгінде елде 400-ден астам нейрохирург бар. Күрделі операциялар тек Астанада емес, облыстық ауруханаларда да сәтті жасалып жүр.

Серік Ақшолақов, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

- Бүгінгі таңда Қазақстанда 400-ден астам нейрохирургтар қызмет етеді, 1500-ден астам төсек бар. Бүкіл аймақта нейрохирургиялық бөлімшелер бар. Астанада Ұлттық нейрохирургиялық орталығы орналасқан. Біз жылына бүкіл Қазақстан бойынша 50 мыңнан астам операция жасаймыз, 60-70 мыңнан астам адамдар дәріс алады. Бұл үлкен жетістік.