5 жылда 274 мәдени нысан салынды

Кейінгі 5 жылда елде 274 мәдени нысан салынды. Сондай-ақ 1 293 өнер ордасы жөндеуден өтті. Биыл да 64 ғимараттың құрылысы жалғасып, 130-ы жаңғыртылып жатыр. 

Әсіресе театр инфрақұрылымын дамыту ісі ілгерлеп келеді. Бірнеше жылдың бедерінде бас қаладағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық академиялық музыкалық-драма театры, Түркістандағы музыкалық-драма театры және Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимараттары пайдалануға берілді. Сонымен қатар кітап үйлерін жаңғырту жөнінде жол картасы қабылданып, бұған дейін  Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында 3 жаңа кітапхана бой көтерді. Бұдан бөлек, жетпіс жетісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді және 197 кітапхананың материалдық-техникалық базасы жаңартылды.

Салынды - 274

Жөнделді - 1 293

Салынып жатыр - 64

Жөнделіп жатыр - 130

Салынды - 3

Жөнделді - 77

Материалдық базасы жаңартылды - 197