Шаруалардың жеңілдетілген лизинг бағдарламасына ₸300 млрд бөлінеді
Биыл егіс науқанына 133 мыңнан астам трактор, 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71 мыңнан астам сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу құралы жұмылдырылды.
70 мамандандырылған сервистік орталық жұмыс істеді. Мемлекеттік қолдау шеңберінде былтыр егіншілер шамамен 25 мың бірлік заманауи техника сатып алды. Нәтижесінде техникалық парктің жыл сайын жаңару деңгейі 6,5 пайызға жетті. Бүгінде шаруалар арасында жеңілдетілген лизинг арқылы қаржыландыру бағдарламасы жоғары сұранысқа ие. Биыл бұл мақсатқа кемінде 300 млрд теңге бөлу жоспарланған.