1 млн теңге кімге бұйырады? Астанада байқау басталды
Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды «24KZ».
Байқаудың басты мақсаты – өнегелі отбасылардың өмірлік тәжірибесін кеңінен насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, неке мен жанұяның оң үлгісін көрсету арқылы қоғамдағы отбасының беделін арттыру және қоғамдық бірлікті нығайту.
Астана әкімдігінің хабарлауынща, конкурс аясында жеңімпаздарға қомақты жүлде қоры қарастырылған. Атап айтқанда, қалалық кезең жеңімпазы атанған отбасыға – 1 000 000 теңге, ал аудандық кезең жеңімпазы атанған отбасыға – 500 000 теңге беріледі.
Өтінімдерді қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: +7 700 653 36 94, +7 707 127 10 47.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз