Егіс науқанына 402 мың тонна дизель бөлінді
Көктемгі егіс науқанын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін 402,3 мың тонна дизель отыны бөлінді.
Шаруалар үшін жеңілдетілген дизель отынының бағасы литріне 281 теңге болып белгіленді. Бұл жанармай құю станцияларындағы орташа бөлшек бағадан 15 пайызға төмен. Агроөнеркәсіп өкілдері 324,8 мың тонна дизель отынына келісім-шарт жасап, төлем жүргізген. Бұл жоспарланған көлемнің 81 пайызына тең. Ал өңірлерге 300,9 мың тонна жеткізілді.