Маңғыстау облысында көкөніс өсіру қарқын алды
Маңғыстаулық шаруалар шөлейт жерге де көгөніс егіп, өнім алып отыр.
Биыл Құрық ауылында 19 гектар аумаққа қырыққабат, қияр мен қарбыз дәні тасталды. «Аймаққа белгілі диқан Алтыбай Базаров бақша дақылдарын өсіру үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті талап етеді», - дейді. Ол қызмет ететін шаруашылықта қырыққабат өсіруге ерекше көңіл бөлінеді. Биылғы маусымда егілген көшеттер жақсы жерсініп, мол өнім беруге жақын.
Алтыбай Базаров, шаруа:
- Бірінші мына жердің астына тамшылатып суару жүйесі төселеді. Оның үстіне арнайы жабындыны трактормен жайып шығамыз. Кейін оны тесіп, топырақ салып, көшеттерді отырғызамыз. Одан кейін мына сымдарды доға тәрізді етіп орнатып, үстін жабамыз. Арамшөп шықпау үшін үстіне мульча төселеді. Осылайша, дақылдарды күтіп-баптаймыз. Мұнда қызанақ, қырыққабат және қауын егілген. Мына үш қатарда қарбыз өсіп тұр, ал ана жақта қауын, одан әрі қырыққабат орналасқан.