Сталкингті қайта жасағандарға жаза қатаңдатылады
Қазақстанда сталкингті қайта жасағандарға қатысты жаза қатаңдатылмақ. Қылмысты қайталағандарды енді 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлады. Ақпарынша, бастама қазіргі таңда жан-жақты саралану үстінде. Бүгінге дейін республика бойынша 83 қылмыстық іс сотқа жіберілген. Оның ішінде 59 азамат сотталған. Жалпы сталкинг дерегімен 279 іс қозғалыпты. Бұдан бөлек некеге мәжбүрлеу жағдайы көбейіпті. «Мұндай әрекет әсіресе, оңтүстік және батыс аймақтарда жиірек тіркеледі», - деді министрлік өкілі. Бүгінде 19 қылмыстық іс сот қарауына жіберілген.
Амангелді Досжанов, ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары:
- Қазіргі таңда бір тараптан қылмысты қозғаймыз. Сосын әрекет қабылдаймыз. Бүкіл ел бойынша белең алып жатыр. Біз дер кезінде қылмысты қозғаймыз. Бір мәселе, күштеп алып кеткен кезде неге қысқарады деген мәселе болады. Ол кезде жұбайлар өзара келіседі.