Елде 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Биыл елде 544 мың адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда соның жартысына жуығы екі қолына бір күрек тапты. Өңір-өңірде бұл бағытта кешенді бағдарламалар іске асуда.

Ұлттық жобалар аясында 5 мың адам еңбекке араласса, Президенттің "10 мың тұрғынға - 100 жұмыс орны" бастамасы бойынша 55 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс тапты. Сондай-ақ әлеуметтік осал топ өкілдеріне кәсіп ашуға 1 млн 730 мың теңге көлемінде грант беріледі. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға оқыту мен біліктілікті арттыру да басты назарда.

Биыл жұмыспен қамтылады:   544 мың адам

Ұлттық жобалар аясында – 5 мың адам

Субсидияланатын жұмыс орындары – 69,8 мың адам

Жұмыс берушілердегі бос жұмыс орындары – 69,9 мың адам

Мемлекет басшысының "10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны" бастамасы аясында – 55,7 мың адам

Қазіргі таңда 200 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Мұрат Сейтенов, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:

- Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа дағдыларды оқыту мен олардың біліктілігін арттыру мақсатында онлайн оқыту көзделген. Бұл онлайн оқыту скилс еңбек платформасында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда 37 мың 500 адам оқып шықты. Оның ішінде 29 мың 300 адам оқуын аяқтап, тиісті сертификаттарын алды. Оқуды аяқтағаннан кейін 1 мың 690 адам тұрақты жұмысқа орналасты.