Ауыл шаруашылығы техникасы 8% жаңарады

Елде ауылшаруашылық техникасы паркі де жаңарып келеді.

Биылғы меже 8 пайыз.  Қазір 134 мыңға жуық трактор, 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені және 71 мыңнан астам тұқымсепкіш жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік қолдаудың арқасында былтыр да дала техника 6,5 пайызға жаңғыртылған еді. Ауылшаруашылық машиналары жаңарып қана жатқан жоқ, алқапқа әлдеқайда үнемді әрі жұмысқа қолайлы түрлері шығып үлгерді. Қазір диқандардың алды трактор, комбайндарына автопилот орнатып жатыр. Яғни техника егінді өзі орып, өзі жинайды.