Қарағандыда алты айлық сәбидің жүрегіне күрделі ота жасалды
Кардиохирургтер жүректің жұмысын түзетіп, қан айналымын қалпына келтірді.
Операцияны Астанадан келген дәрігерлер тобы жасады. Қазір облыс бойынша туа бітті жүрек ақауы бар 973 бала дәрігерлер бақылауында тұр. Олардың 300-ге жуығы әлі қажетті хирургиялық ем қабылдамаған. Елордалық мамандар осындай диагнозы бар науқастарды емдеудің заманауи әдістерін де көрсетті.
Ғанибек Ақжанов, №2 көпсалалы аурухананың кардиолог дәрігері:
- Жалпы балалар кардиохирургиясында оң өзгерістер байқалады. Қарағандыда жыл сайын 80 операция жасалады. Біз ашық түрімен қатар эндоваскулярлық, яғни жабық тәсілмен жасалатын операцияларды да орындаймыз.