Алматы әуежайында желдету құбыры құлап кетті
Алматы халықаралық әуежайында инженерлік жүйелерді жөндеу кезінде оқыс оқиға болды.
Желдету гофрасын төменге түсіріп жатқан кезде ол жартылай ажырап кеткен. Абырой болғанда, құбыр сақтандыру арқандарына ілініп қалған. Қазір құлаған құбырдың барлық бөлшегі алынып тасталды. Әуежай басшылығының хабарлануынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушылар мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылданды. Жөндеу жұмыстары ғимараттың инфрақұрылымын жаңғырту аясында іске асып жатыр. Халықаралық әуежай штаттық режимде істеп тұр.