Атырауда масамен күреске дрон жұмылдырылды

Атырауда масамен дрон күресіп жатыр. Дезинсекция қала ішінде сағат 22:00-ден таңғы 04:00-ге дейін жүреді.

Бұдан бөлек айналадағы тоған, көлшіктермен қоса мұнай өңдеу зауытының булану алаңына дейін дәріленіп жатыр. Жұмысқа 8 бригада жұмылған. Дрон 70 келідей ертіндіні алып ұшады, әрі екі шақырымдай аумаққа сеуіп шығады. Биыл масамен күреске қала бюджетінен 200 миллион теңге бөлінді. 

Гүлсара Ходжибекова, мердігер мекеменің басшысы:

- Жұмыс дронмен «Ерик Мостовой», «Квадарат», «Тухлая балкада» жұмыс жасалынады. Бұл қала сыртында орналасқан лас сулар. Сасық су деп айтылады ғой, көпшілігі масаның осында өсіп-өнеді. Сондықтан бірінші жұмысымыз осы аумақты қамту.