Ақмола облысының креативті жәрмеңкесі өтті

Астанада "Creative Aimaq" жобасы аясында Ақмола облысының креативті жәрмеңкесі өтті.

Шеберлердің қолынан шыққан түрлі бұйымдар, суреттер мен ұлттық киім үлгілерінің заманиу түрлері көпшілікке ұсынылды. Қазіргі таңда өңірде креативті индустрия саласында 1000-нан астам субъект жұмыс істейді. Зергерлік өнер, ұлттық музыкалық аспаптар жасау, ағаш өңдеу, дизайн, IT және digital-жобалар қарқынды дамып келеді. Жәрмеңке аясында елорда тұрғындары мен қонақтары өңір шеберлерінің туындыларымен, авторлық коллекциялармен, жергілікті брендтермен танысты. Жобаның негізгі мақсаты да сол. Астықты аймақтың мәдениеті мен өнерін насихаттау және Қазақстан өңірлерінің шығармашылық әлеуетін таныстыратын бірыңғай алаң қалыптастыру.