«Нұрлы жол» вокзалында мұражай ашылды

Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды. Салтанатты шараға Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және теміржол саласының өкілдері қатысты.

Ауданы 3200 шаршы метрлік мұражай төрт тақырыптық бөлмеден тұрады. Онда 250-ден астам экспонат сақтаулы. Келушілер теміржол тарихынан сыр шертетін жәдігерлер мен ведомстволық наградаларды ташамалай алады.

Әсел Әлитанова, мұражай директорының орынбасары:

- Ауданы 3200 шаршы метрлік мұражай төрт тақырыптық: «Түрксіб және Мұхамеджан Тынышбаев», «Локомотивтердің эволюциясы», «Кәсіптер мен инновациялар», «Қазақстан темір жолдарының тарихы»  залдарын қамтиды. Экспозиция интерактивті панельдерді, мультимедиялық экрандарды, AR және VR шешімдерін және симуляторларды қоса алғанда тарихи материалдар мен заманауи цифрлық технологияларды,  біріктіреді. Мұражай көлік, инженерия, өнеркәсіп және заманауи технологиялар көрмелерін өткізуге арналған алаң болады.