Болашақта кеңсе қызметкерлерінің саны азаяды
Алдағы уақытта кеңсе қызметкерлерінің саны азаюы мүмкін.
Есесіне жасанды интеллектінің көмегімен компания жұмысын оңтайландыратын мамандарға сұраныс артады. Яғни vibe coding дағдысын меңгерген бір ғана адам 5-6 қызметкердің міндетін қатар атқармақ. Демек, бұрынғыдай бірнеше адамды кеңседе ұстаудың қажеті болмай қалады. Мұндай пайымын бұрынғы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Парыз форумында ортаға салған еді. Қазпошта ұлттық компаниясының басшысы қызметкерлеріне vibe coding дағдыларын меңгеруді талап ететінін айтты. Бүгінде компаниядағы 500 адам жасанды интеллектіні тиімді қолдануға машықтанған. Ал жыл соңына дейін 5 мыңдай қызметкерді оқыту көзделіп отыр. Сондағы мақсат - қызметкерлердің күнделікті жұмысын оңтайландыруға үйрету.