Елде ескі вагондар азайып келеді
Елдегі теміржол вокзалдарында бұрын-соңды болмаған жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоба аясында 124 вокзал жаңғыртылуда.
Оның 30-ы келер айдың аяғына дейін аяқталады. Жаз басталса болды үлкен сынның астында қалатын саланы үлкен өзгерістер күтіп тұр. Бұл ақпарат бүгінгі өткен Үкімет отырысында айтылды.
Елдегі ескі вокзалдар мен тозығы жеткен теміржол вогондардан құтылатын күннің ауылы алыс емес. Қазір 124 вокзал толықтай жөндеуден өтіп жатыр. Ал 2030 жылға қарай вагондардың 90 пайызы жаңарады. Аталған салада атқарылып жатқан жұмыстарға рет ретімен тоқталсам. Елдегі жалпы жүк тасымалының 56%-ы дәл осы теміржол саласы арқылы жүзеге асады. Ел экономикасындағы стратегиялаық маңызы зор болғандықтан инфрақұрылымды жаңғырту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, тасымал көлемін арттыру секілді жұмыстар одан әрі қарқын алады. Вице-министр біздегі жүк вагондар нарығы толықтай бәсекеге қабілетті деп сендіреді. Парк саны шамамен 147 мыңға жетеді екен. Оның көп бөлігі жекеменшік операторларда. Соңғы бес жылда транзит көлемі 20 млн тоннадан 33 млн тоннаға дейін өскен. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 67 млн тоннаға, ал 2040 жылға қарай 100 млн тоннаға жеткізу жоспарда.
Жәнібек Тайжанов, ҚР Көлік вице-министрі:
- Үкімет отырысында вице-министрден бөлек Қазақстан теміржолы компаниясының төрағасы да баяндама жасады. Айтуынша, соңғы жылдары теміржол машинасын жасау жұмыстары қарқын алған. Еске салсақ, елімізге «Уэбтэк», «Алстом», «Штадлер» секілді алпауыт компаниялар бірінен кейін бірі келіп жатыр. Нәтижесінде теміржол саласына қажетті кейбір техникалардың 35-40%-ы өзімізде өндірілетін болған. Тозығы жеткендер вагондар да азайып келеді.
Талғат Алдыбергенов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
- Ал үкімет басшысы жыл соңына дейін жаңа 215 локомотив пен мың жарымға жуық жүк және жолаушылар вагондары теміржол желісіне шығуы тиіс деген тапсырма берді. Сондай-ақ министрліктің алдында теміржол көлігіндегі қызмет көрсету сапасын жақсарту, транзиттік және экспорттық жүк тасымалдарын арттыру міндеттері тұрғанын айтты.
Авторлары: Шерхан Абзалұлы, Жандос Битабаров