Астанада Unique Fashion Show сән кеші өтті
Еліміздің әр өңірінен келген ерекше балалар Unique Fashion Show – Альфа бала бірегей жобасына қатысып, подиумға шығуға мүмкіндік алды.
Елордада 7 рет ұйымдастырылып отырған кеш инклюзивті мәдениетті қолдауға және жасөспірімдердің өзіне деген сенімін арттыруға бағытталған. Жоба балалар сәні мен креативті индустрия саласында тең мүмкіндік қалыптастыруға септігін тигізіп отыр. Биыл мұнда 3 пен 16 жас аралығындағы 200-ден астам бала өнер көрсетті. Осы шоудың арқасында олар тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерге де шығып, түрлі іс-шараға қатысуға шақыртулар алып жатыр.
Гүлнұр Бөкен, ұйымдастырушы:
- Мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін кез келген ортада жақсы сезінуі керек. Тек қана өз ортасында емес. Сол себепті осы ортаны үлкейтейік, мүмкіндіктер берейік деген мақсатпен жасалған жоба. Блогерлер қазақстандықтар бұған дайын емес деген еді. Алайда қазіргі кезде осы балалар дүниежүзі бойынша қыдырып жүр. Оларды шақыра бастады.