Диагностика уақыты төрт есе қысқарды
Диагностика жасау уақыты төрт есе қысқарды, ал әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеді.
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты іс-шарада жасанды интеллекті мен цифрлық технологияларды салада қолданудың алғашқы нәтижелеріне назар аударды. Президент бүгінде соны технологияның отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға тың серпін бергенін жеткізді. Бұған қатерлі ісікті анықтау көрсеткішінің 30 пайызға артуы дәлел. Қазір еліміздегі 1800-ден астам медициналық мекеме цифрлық форматқа көшіріліп, күрделі клиникалық шешімдерді қабылдауда жасанды интеллекті дәрігерлерге үлкен көмегін тигізіп отыр. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік саладағы міндеттемелерді орындау биліктің барлық тармағының конституциялық міндеті. Осы мақсатта өткен жылы тек республикалық бюджеттен әлеуметтік қажеттіліктерге 9 триллион теңгеден аса қаржы жұмсалған.