Қазақстан - Түркия медиа байланысы тереңдейді

Отандық медиа өкілдері Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей байланыс орнатып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

Анкарада еліміздегі Бас редакторлар клубы мен Түркі әлемі радио және телевизия журналистері қауымдастығының төрағалары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жаңа келісім түркі әлеміндегі медиа өкілдерімен кәсіби әріптестікті дамытуға мүмкіндік береді. Журналистердің біліктілігін арттыру, тәжірибе және контент алмасу, медиаменеджерлердің кәсіби дамуына жағдай жасау, сондай-ақ бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыруды көздейді.

Бибігүл Жексенбай, "Бас редакторлар клубы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті:

- Бас редакторлар клубы республика шеңберінде ғана емес, қазіргі кезде халықаралық деңгейде жұмыс істейтіндей деңгейге жетті. Біздің түркі әлеміндегі бауырластарымыздың да Қазақстанды танып білуіне, туризмді дамытатын болсақ та, жаңа оқу орындарының, медициналық  туризмді дамытуға да , жоғары оқу орындарының ғылым мен білімге айналысуына да біздің түркі әлеміндегі бауырластарымызды шақыруға медиа саласының қосқан үлесі болады деп ойлаймын.

Олгунай Көсе, Түркі әлемі радио және телевизия журналистері қауымдастығының төрағасы:

- Осы келісім аясында қазақстандық әріптестеріміз, агенттік журналистері мен телевизия мамандары Түркия журналистерімен бірге тәжірибе алмасады. Бұл бастама екі елдің де медиа саласына игілігін тигізеді деп сенемін.

Сондай-ақ оқыңыз: