Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді

Фото: depositphotos.com

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 1926 егіз және 54 үшем тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».

Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастады - 263 жағдай. Одан кейін Алматы қаласы (245) және Алматы облысы (175).

Үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда – әр өңірде 3 үшемнен тіркеліп, 9 нәресте дүниеге келген.

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жетті. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелді. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз