Елде 250 жол сервис стансасы салынады
Үкімет жол жиегіндегі сервис стансаларды салуға 180 млрд теңге инвестиция тарту жөніндегі жобаны мақұлдады. Қаулыға Премьер-министр қол қойды. Жоспарға сәйкес 2030 жылға дейін республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 250 сервис стансасы салынады. Оның 50-і биыл пайдалануға берілмек. Су жаңа стансаларда сауда және қызмет көрсету пункттері, электр карларды қуаттайтын орындар болады. Ал оның аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген заманауи көпфункционалды кешендер салынады. Жоба аясында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Жамбыл Бақтияр, ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары:
- Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Үкіметі тиісті қаулыға сәйкес Көлік министрлігімен «Car Park Transformer» ЖШС инвестиция туралы келісімге қол қойды. Келісімнің жалпы ұзақтағы 25 жыл. Тартылатын инвестиция 179,5 млрд теңге. 250 қазіргі талаптарға сай келетін нысан салу қажет. Бірінші үш жыл кезеңінде 50-ін салу жоспарланып отыр. 2034 жылға дейін 200-ін салу жоспарланып отыр. Жалпы бұл сервистерді салған кезде 2000-нан астам жұмыс орны ашылады. Қызмет ету нысандары дамиды және туризм саласы дамитын болады.