Қазақстан полициясына 34 жыл толды
Бүгін полиция күні.
Биыл қазақстандық органның құрылғанына 34 жыл. 2007 жылы бұл күн кәсіби мереке ретінде бекітілді. Содан бері үздіксіз аталып келеді. Бүгінде полицейлердің жұмыс тәртібі сервистік модельге ауысты. Ал қызмет барысында ашықтықты қамтамасыз ету үшін ішкі істер саласы толығымен сандық форматқа көшіп жатыр.
Бұл күні ішкі істер сапындағы полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, елеулі еңбегімен көзге түскендері марапатталады.