Көкшетауда жаяу жүргіншіні басып кеткен жүргізуші әйелге қатысты сот үкімі шықты

Көкшетауда жаяу жүргіншіні басып кеткен жүргізуші әйелге қатысты сот үкімі шықты.

Адам өліміне әкелген іс бойынша көлік жүргізушісі 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ екі кішкентай баласының болуына байланысты сот жазаны өтеу мерзімін 3 жылға кейінге қалдырды. Жәбірленуші тарап материалдық және моральдық сипаттағы талаптарының жоқ екенін, келтірілген залалдың толық өтелгенін мәлімдеді. Еске салайық, қайғылы оқиға биыл 9 мамырда Көкшетаудағы тұрғын үй аулаларының бірінде болды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада көлік тұрақ аумағына бұрылған сәтте жол бойымен келе жатқан әйелді қағып, жаншып өткен. 52 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Көлік иесінің жүргізуші куәлігі болмағаны белгілі болды. Осыған байланысты екі қылмыстық іс қозғалды.