Шымкентте аптап ыстыққа байланысты су айдындарындағы қауіпсіздік күшейтілді

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін шомылуға қауіпті деген 13 учаскеге арнайы белгілер орнатылды. Құтқарушылар мен полицейлер сәуір айынан бері 130-дан астам рейдтік шара ұйымдастырып, ереже елемеген 16 адамға әкімшілік хаттама толтырды. Мамандар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды және тек рұқсат етілген арнайы жағажайларда шомылуды ескертеді. Өйткені шомылу маусымы басталғалы екі бала суға ағып кетті.

Асқар Шәріп, қалалық ТЖД ресми өкілі: 

- Бірінші жазатайым оқиға бұл Тұран ауданында, Айкөл елді мекенінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан туындаған жасанды көлде 9 жасар бүлдіршін сол жерде балалармен ойнап, байқаусызда сол суға батып кеткен болатын. Одан кейінгі екінші жағдай аквапаркте болған. Ата-ананың қараусыз салдарынан 18 жылғы бала сол бассейнде тұншығып қалған.