Публицистикалық жинақтардың тұсауы кесілді

Бүгін бас қалада белгілі қаламгер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ғабит Мүсірептің екі бірдей публицистикалық жинағы жарық көрді.

«Соңғы мүмкіндік» және «Болмысы бөлек Бесқала» атауымен оқырманға ұсынылған кітаптарда ел мен жердің, мемлекет пен ұлттың өткені мен бүгіні жайында мақалалар, сұхбаттар мен ойтолғаулар қамтылған. Алғашқысында егемендіктің мән-маңызы, құндылығы турасында жазылса, кейінгісінде қаламгердің туған топырағы Бесқала өңірінен шыққан тұлғалардің өмір жолы баяндалған.

Ғабит Мүсіреп, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, кітап авторы:

- Бұл енді журналистикада жүргеннен кейін күнделікті жазылып жүрген тақырыптар. «Егемен Қазақстанның» бетінде жарық көрген дүниелер. «Соңғы мүмкіндік» атауының себебі, біздің халқымыз, еліміз бұрын ел болды хандық құрды кезінде. Жұбан Молдағалиев айтпақшы, мың өліп, мың тірілген қазақпыз. Кітаптың атауы да содан туындады былайынша айтқанда. Қилы тағдырлардың болмысы суреттеледі «Болмасы бөлек Бесқалада». Сондай-ақ, Қазақстанның, Қарақалпақстанның Халық әртісі Жұмағали Жұмабай Медетбаев туралы да очерк жазылған.