Т. Қожакеевтің еңбектер жинағы жарық көрді

Қазақ журналистикасының теориясы мен сатира жанрының негізін қалаушылардың бірі Темірбек Қожакеевтің 100 жылдығына орай ғалымның еңбектер жинағы жарық көрді.

Бүгін Еуразия ұлттық университетінде өткен халықаралық конференцияда кітаптың тұсауы кесілді. Сонымен қатар профессордың шәкірттері мен қоғам қайраткерлеріне Темірбек Қожакеев атындағы арнайы медальдар табысталды. Жиында ғалымның ғылыми-шығармашылық мұрасы мен қазіргі медианың өзекті мәселелері сөз болды. Басқосуға отандық және шетелдік зерттеушілер, журналистер мен медиасарапшылар қатысты. Олар цифрландыру мен жаңа технологиялардың журналистикаға әсерін, отандық медианың даму үрдістерін және еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау жайын талқылады.

Нұржан Қуантайұлы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және әлеуметтік ғылымдар мектебінің директоры:

- Ол кісі қазақ журналистикасының теориясын қалыптастырып, публицистикасының жанрлары, ұлттық журналистиканың теориясының негізін қалап, очерк, фельетон және стаира жанрында үлкен зерттеулер жасаған профессор ғалым. Бұл кісінің ғалым ретіндегі, қайраткер ретіндегі және ұстаз ретіндегі орнын тағы бір рет анықтап, ұлықтау үшін осы ғылыми конференция ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: