Шымкенттегі білім ошақтарында күрделі жөндеу басталды

Шымкентте алты мектеп пен бір балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұған қала бюджетінен 6 жарым миллиардқа жуық теңге бөлінді.

Білім ордаларының жылу жүйесі, қасбеті толық жаңартылып, ішкі әрлеу жұмыстары жасалады. Ауқымды жоба аясында ғимараттар «Келешек мектептері» үлгісінде жаңғыртылады. Жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін аяқтап, сыныптарды оқу құралдарымен жабдықтау жоспарланған.

Айна Сарымсақова, №41 мектеп-лицейінің директоры:

- Осының өзі оқушыларды қанаттандырады. Жылы, жарық, әдемі, жаңадан есік-терезелері, едені, қабырғасы бар оқу бөлмелерінде оқушылардың білім деңгейі артады және білім сапасы жоғарылайды деп ойлаймын.

Ерлан Пірімқұлов, қалалық Білім басқармасы бөлім басшысының м.а:

- Бұл 2025-2027 жылдарға бізде күрделі жөндеуге 24 мектепте жоспарланған. Былтыр 10 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Биыл 6 алты мектеп. Келесі жылға 8 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалу үстінде. Осы арқылы біз ғимараттарымызды жаңартуға тырысамыз.