Қызылорда облысында есірткі өсірген 21 адам ұсталды

Қызылорда облысында есірткі өсірген 21 адам ұсталды. Олардың басым бөлігі қазір қамауда отыр.

Өңірде «Қарасора» жедел-профилактикалық шарасы басталғалы бері заңсыз айналымнан 92 килограмнан астам есірткі заты тәркіленген. Тәртіп сақшылары жасырын егістіктерді анықтау үшін әскери тікұшақтарды да жұмылдырды. Сондай-ақ жол бойындағы мобильді бекеттерде иісшіл иттердің көмегімен бірнеше қылмыстың беті ашылды. Бас-аяғы жиырма шақты күннің ішінде полицейлер 38 есірткі құқықбұзушылығын әшкерелеп үлгерген. 

Біржан Бағысов, облыстық ПД Басқарма бастығы:

- Әскери тікұшақ арқылы 15 мәрте әуеден шолу жүргізіліп, есірткі өсірудің 12 дерегі анықталды. Мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты теріс қылықтың 6 дерегі әшкере болды.