Атырауда жылу құбырлары жаңғыртылып жатыр

Атырауда биыл 17 шақырымнан астам жылу құбыры ауыстырылады.  Оның 5 шақырымдайын тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мекемесі жаңғыртады.

Балықшы, Авангард және Орталық шағын аудандардағы құбыр ауыстыру жұмыстары жақында аяқталады. Жалпы облыс орталығында мыңнан астам көп қабатты үй орталық жылу жүйесіне қосылған. Бүгінде 300 үй  гидравликалық сынақтан өтті.

Елтай Айбатов, Қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі:

- Одан бөлек көктемгі гидравликалық сынақ кезінде анықталған 6,9 шақырым жылу және ыстық су желілелерін ауыстыру қолға алынды. Күні бүгінде осы жұмыстар үшін ашық конкурс жарияланып, қортындысына сай жұмыстар жүргізілетіндігін хабарлаймыз.