Атырау облысында жаңа әлеуметтік нысандар салынады
Атырау облысының Махамбет ауданындағы жылыжай кешені 2 айдан кейін алғашқы өнімін бере бастайды. Аумағы 55 мың 600 шаршы метрлік шаруашылықта жылына 3 жарым мың тонна қызанақ өндірілмек, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір мұнда 70 адам жұмыспен қамтылған. Құрылтай депутаты Муса Хайруллиев жылыжай шаруашылығының ұжымымен кездесіп, Президент Жолдауында айтылған басым бағыттар бойынша пікір алмасты.
Муса Хайруллиев, ҚР Құрылтайының депутаты:
– Кеше, өздеріңіз жақсы білесіздер, Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылды құрылыс жылы деп жариялады. Құрылыс жылының ішінде 6,5 трлн қаражат бөлінеді. Соған байланысты бүкіл инфрақұрылым құрылысын, аурухана, мүмкіндігі шектеулі жандарға ғимараттар салынатынын нақты айтып өтті.
Ерлан Сағынаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
– Шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты Президент тапсырмасына сәйкес жыл аяғына дейін арнайы жоспар жасақталады. Онда орта бизнес нысандарын технологиялық жаңғырту және бизнес субъектілерін қаржыландырудың жаңа механизмі де қарастырады.