Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді
Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдымен таяуда жаңғыртылған экосаябақ таныстырылды.
Қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Burabay Arena спорт сарайына барды. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды. Сонымен қатар Президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті. Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.