Пластикалық операция жасайтын клиникалар тексеріледі
Пластикалық операция жасайтын клиникаларға бақылау күшейеді. Салада арыз-шағымдар жиілеген соң Денсаулық сақтау министрлігі жаппай тексерісті қолға алды.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Ал соңы өлім-жітіммен аяқталған жағдайлар бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Оның қорытындысы құқық қорғау органдарына жолданған. Мұндай оқиғалардың көбі Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді.
Жалпы комитет 2021 жылдан бері 92 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, кейбір ұйымдарда лицензиялық талаптар мен медициналық стандарттар бұзылғанын анықтаған. Сондай-ақ тиісті рұқсат қағазынсыз жұмыс істеген мекемелер анықталды. Жалпы пластикалық операциялар жасайтын ұйымдарға 4,8 млн теңге айыппұл салынған.