Абай облысында өрт шықты

Фото: depositphotos.com

Абай облысы Үржар ауданындағы Қаракөл ауылдық округі аумағында өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ».

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Сасықкөл көлінің жағалауындағы жетуі қиын батпақты аумақта шамамен 30 гектар жерде құрғақ шөп пен қамыстың жанғаны анықталды.

Жанып жатқан аумаққа техниканың бара алмауы салдарынан өрт сөндіру жұмыстары қиындап отыр.

Соған қарамастан, ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда», - деді ТЖМ өкілдері.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз