Абай облысында құтқарушылар бөлмеде қамалып қалған бүлдіршінге көмектесті

фото: ҚР ТЖМ

«112» пультіне тұрғыннан жеке тұрғын үйдегі бөлмелердің бірінде кішкентай баланың қамалып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды 24KZ ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері үш секциялы сатының көмегімен мансардалық қабатқа көтеріліп, арнайы құралдардың көмегімен пластикалық терезені ашты. Кейін бөлме ішіндегі есікті ашып, баланы сыртқа шығарды.

Бөлмеде 2024 жылы туған бала болған. Медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ ескертеді: балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жазатайым оқиғалардың алдын алыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыз: