Абай облысында дала өртеніп жатыр

Абай облысының Үржар ауданындағы Сағат ауылының маңында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр.

Отыз гектар аумақты жалын шарпыған. Өрт ошағын «Ғарыш Сапары» геоақпараттық жүйесі анықтады. Қазір отқа оранған аумаққа жету оңай болмай тұр. Себебі айналасы батпақ, дейді мамандар. Арнайы техниканың да күші жетпейді. Жалынды ауыздықтауға 4 техника мен 15 адам жұмылдырылды. Олардың арасында жергілікті жерде құрылған жасақтар бар. 

Қуаныш Қазыкенұлы, Қарақол ауылдық округінің әкімі:

- Өрттің алдын алу мақсатында Үржар аудандық өрт сөндіру жасақтары келіп жұмылдырылып, Қарақол ауылдық округінен құралған жасақтар өрттің алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өрттен қазіргі таңда қауіп жоқ. Қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылып, жұмыс жүргізілуде.