Құқықтық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Елде құқықтық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Ауқымды құжат жаңа Конституцияға сәйкес құқықтық жүйені толықтай жаңғыртуы тиіс.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев осы тұжырымдамаға қатысты түсініктеме берді. Бұған дейін заңдар мемлекеттік мүддені алға қойса, енді азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын қорғайды. Заң шығарудың тиімділігі қабылданған нормалардың санымен емес, адамның мүддесінің қорғалу деңгейімен бағаланады. Құқықтық саладағы реформа бірқатар бағытта жүргізілмек. Атап айтқанда, 30 жыл бұрын қабылданған Азаматтық кодекс айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Әкімшілік соттардың өкілеттіліктері кеңейтіліп, мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер жіті бақылауға алынады. Сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік саясат қайта қалады. Айта кетейік, биыл қабылданған заң жобалары жаңа Атазаңның қағидаттарына сәйкес келеді. Соның бірі – Мемлекет басшысы 24 маусымда қол қойған атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру туралы заң.
Мақсат Балабеков, ҚР Әділет министрлігі мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы:
- Бұл заңмен біз атқарушылық істе азаматтарымыздың құқықтарын одан әрі күшейтуге бағытталған және сот орындаушылардың кәсібилігін, біліктілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар осы атқарушылық істі жетілдіруді одан әрі дамытуға бағытталған, бірқатар түзетулерді көздеген болатынбыз. Негізінде бұл сегіз заңда өзгерістер мен толықтырулар көзделген.