Шымкентте Елтай каналы жаңғыртылып жатыр

Шымкентте ескі суағар канал жаңғыртылып жатыр. Құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 599 млн теңге бөлінді. 

Ауқымды гидротехникалық жоба Елтай тұрғын алабындағы үш мыңнан астам үйді тасқын мен жауын суынан болатын селден қорғауға мүмкіндік береді. Бұған дейін нөсер кезінде ескі арнадан су бірнеше рет тасып, көшелерді басқан. Төтенше жағдай соңғы рет шілде айында тіркелді. Мәселені шешу үшін канал жыл соңына дейін тереңдетіліп, жағалауы толық бетондалады. Су Тоғыс арнасы арқылы Бадам өзеніне құйылады. Жоба қуаттылығына сәйкес секундына бес текше метрден астам су өткізуге қабілетті болмақ. Сала мамандарының айтуынша, инженерлік инфрақұрылым аумақтағы су тасқыны қаупін толық сейілтеді. 

Мұрат Әбдірахманов, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Елтай елді мекеніндегі көшелерді, үй аулаларын су алған жайттар болған. Осы бетондау жұмыстарын толығымен аяқтаған кезде тау етегінен келетін су тасқынына қарсы жұмыстар болып қарастырылады.