Қарулы Күштердің кәсіби сержанттар корпусына 30 жыл толды
Биыл Қарулы күштердің кәсіби сержанттар корпусының құрылғанына 30 жыл толып отыр.
2021 жылы 1 шілде ресми түрде Сержанттар күні болып бекітілді. Бұл мерекенің тарихы 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының құрылуынан басталды. Аталған шешім тәуелсіз Қазақстанның кәсіби сержанттар корпусын қалыптастырудың негізіне айналды. Кіші командирлерді даярлаудың заманауи үлгісін қалады. Бүгінде сержанттар – армияның ажырамас бөлігі. Олар жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, бөлімшелердің күнделікті қызметін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.
Темірбек Халықов, Қарулы Күштердің бас сержанты:
- Сержант – бүгінде жас сарбаздың қасында тұрған ең жақын командирі. Ол соны үйрететін, әскери өмірге қалыптастыратын, тәрбиелейтін, ерлікке шынықтырып, ел қорғаны екенін шын ұқтыратын нағыз тұлға.