Елордада жас сарапшылар бақ сынасты
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Jastar Research Hub» алғашқы акселератор бағдарламасының жабылу рәсімі өтті.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен шара зерттеушілердің зияткерлік әлеуетін біріктірген маңызды алаңға айналды. Еліміздің барлық аймағынан келген 250-ден астам үміткердің ішінен жиырмасы үздік деп танылды. Жобаның соңғы күні коммуникациялық құзыреттер мен заманауи медиа саласындағы сарапшылардың рөліне арналды. Сондай-ақ финалдық кезеңде жасанды интеллектіні енгізу мен креативті өнеркәсіпті дамыту тақырыптарына қатысты сараптамалық жобалардың тұсаукесер рәсімі өтті. Ең үздік аналитикалық жобалар мемлекеттік саясатқа қатысты мәселелерді шешуде тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.
Гүлісхан Нақбаева, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры:
"Бұл жобаны біз әрі қарай ілгерілетуге дайынбыз. Өңірлерге таратуға және де қазіргі таңда 20 сарапшының ішінде жетеуі өңірлерден келіп отыр. Басқа өңірлердің туындылары, басқа өңірлердің жастар арасындағы сарапшылары біздің мақсатымыз олардың брендін қалыптастыру болып табылады. Бірегей имидж болса деген ойдамыз".