Түркиялық сарапшы: Жолдау халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады

Қазақстандағы реформалар халықтың әл-ауқатын арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтады, деп хабарлайды 24KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында елдің орнықты дамуына негіз болатын маңызды міндеттер айқындалған. Түркиялық ғалым, халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Фырат Пурташ осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, экономикалық өсіммен қатар, ұлттық табысты әділ бөлу, білім мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту, өңірлер арасындағы инфрақұрылымдық байланысты нығайту тұрақты дамуға жол ашады. Сарапшы Қазақстан 35 жыл ішінде саяси-экономикалық мәдени-гуманитарлық тұрғыдан қарқынды дамып, экономикасы мықты жетекші елдердің қатарына қосылуға мүмкіндік алғанын ерекше атап өтті.

Фырат Пурташ, Халықаралық қатынастар бойынша сарапшы, профессор:

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет халық үшін қызмет етуі керек деген саясатты ұстанады. Сол себепті ел басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау және көлік инфрақұрылымын дамытуды айрықша назарға алып отыр. Бұл Қазақстанның бірлігі мен тұтастығын нығайтуға мүмкіндік береді. Алдағы бес жылда осы реформалардың нақты нәтижесі айқын байқалады деп сенемін.

Сондай-ақ оқыңыз: