Үлкен Алматы каналы кешенді жаңғыртудан өтеді
Алматы облысындағы Үлкен Алматы каналы кешенді жаңғырудан өтеді. Нәтижесінде нысанның су өткізу қабілеті артып, су шығыны едәуір азайды.
Бұл өңірдегі 33 мың гектардан астам суармалы жерді қамтуға мүмкіндік берді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. Ведомство басшысы аймақтағы ірі гидронысандардың жұмысымен танысты. Соның бірі – Іле ауданындағы сыйымдылығы 120 млн текше метрді құрайтын Күрті су қоймасы. Ол Іле және Жамбыл аудандары үшін маңызды нысан. Қазіргі уақытта Күрті су қоймасы бөгетін реконструкциялау бойынша жобалық құжат әзірленіп жатыр. Сонымен қатар Тасқұтан бөгетін жаңарту жұмыстары қолға алынбақ. Сапар барысында Нұржан Нұржігітов әлеуметтік қолдау шаралары жайлы айтып, алдағы Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады.