ҚХП Құрылтай сайлауына 72 кандидат ұсынды

Қазақстан Халық партиясы Құрылтай сайлауына 72 кандидат ұсынды. 

Ол тізімде заңгерлер, экономистер, мұғалімдер, дәрігерлер, сондай-ақ беделді қоғамдық пікір көшбасшылары бар. Бұл туралы партияның кезектен тыс жиырма бесінші съезінде белгілі болды. Сондай-ақ жиында Саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды. Ал сайлауалды бағдарламаны талқылау кезінде сарапшылар мектепке дейінгі және мектептегі білім беруге баса назар аудару, адам капиталын дамыту мен еңбек адамын қорғау сынды мәселелерді көтерді.

Ислам Сұңқар, ҚХП мүшесі:
- Сайлауға дайындық барысында өңірлерден әртүрлі, біздің өңірлік партия филиалдарынан ұсыныстарды жинадық. Мәжіліс депутаттары жұмыс істегенде келген өтініштерді жинақтап және де еліміздегі қазіргі Президентіміз қойған негізгі тапсырмаларды ескеріп, сайлауалды бағдарламамызды жасадық.