Жаңа Конституция жаңа кезеңге бастайды
Цифрландыру және жасанды интеллект салаларында инвестициялық мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алмау керек.
Ол үшін Үкімет пен халықаралық іскер топтардың арасындағы іс-қимылды нығайту маңызды. Ал инвесторлармен ынтымақты дамыту жаңа кезеңге бастайды. Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңесте осылай деді. Премьер-министр елде жаңа Конституция күшіне енгенін жеткізді. Құжатты нағыз ұлт жарғысына балады. «Себебі әділетті әрі озық Қазақстанды құруға жол ашады», - деп түсіндірді. Сондай-ақ жаңа Ата заңға сай жаңа мемлекеттік-саяси тұрпат қалыптасып жатқанын айтты. Яғни бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституцияға байланысты биылғы 1 шілдеден бастап тиісті лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған тұлғаларға ғана қолданылады. «Қорытындылай келе елде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар ұзақмерзімді әрі тиімді серіктестікті дамытуға қуатты серпін береді», - деді Олжас Бектенов.