Алматы облысында 19 адам мүгедек мәртебесін заңсыз алған

Алматы облысында 19 адам мүгедек мәртебесін заңсыз рәсімдеп, әлеуметтік төлем алған. Мемлекетке келген шығын 30 млн теңгеге жеткен. 

Қазір барлық материал құқық қорғау органдарына жолданып, әр дерек бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама жүріп жатыр. Өңірде 43 мыңнан астам мүгедек адам тұрады. Мамандардың айтуынша, мүгедектік мәртебесі тек медициналық диагноз негізінде берілмейді. Сараптама кезінде адамның денсаулық жағдайы, еңбекке қабілеттілігі жан-жақты бағаланып, соның қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

Айдынжан Нарматов, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің басшысы:

- Үнемі тексеріліп отырады. Осындай жағдай біздің Еңбекшіқазақ ауданында да орын алған. Бұл жерде, мысалы, азаматтар бірінші топтағы мүгедектікті алған жағдайда, оларға жеке көмекші тағайындалады. Сондай-ақ мүгедекке күтім жасайтын адамға да жәрдемақы төленеді. Ал мүгедектігі бар адамның өзіне де ай сайын 111 мың теңгеден астам жәрдемақы беріледі. Сондықтан менің ойымша, бұл жерде бірінші орында қаржылық мәселе тұр.