Қазақстан Орталық Азияда стандарттау және метрология саласында көш бастап тұр
Қазақстан стандарттау және метрология саласында Орталық Азиядағы көшбасшы елге айналды.
Бұл туралы сала министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, еліміз халықаралық стандарттау жүйесіндегі позициясын нығайтып келеді. Биылғы алғашқы жартыжылдықта 600-ден астам жарамсыз өлшеу құралы анықталды. Олардың қатарында таразылар, термометрлер, қан қысымын өлшейтін құрылғылар, газ есептегіштері және жанармай құю станцияларындағы өлшеу колонкалары бар. Басты басымдықтардың бірі – азаматтардың күнделікті өмірдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ алғашқы атом электр станциясының құрылысына метрологиялық сүйемелдеу жүргізіліп, қажетті талаптар әзірленді. Ұлттық стандарттау жоспары бекітілді. Онда алаяқтықтың алдын алу, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, туризм және қызмет көрсету салаларын дамытуға басымдық берілген.
Бауыржан Қасымов, ҚР СИМ техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының міндетін атқарушы:
- Қазіргі уақытта мемлекеттік стандарттау жүйесінде нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай қоры қалыптасқан. Онда шамамен 76 мың нормативтік құжат бар. Биыл стандарттаудың ұлттық жоспарына сәйкес 57 стандартты әзірлеу жоспарланған.