Әскерде даярлық курсы басталды

Қазақстанның Қарулы күштерінде әскери мамандық бойынша даярлық басталды. 

Барлық бөлімдерде ұйымдастырылатын оқу әскери қызметшілердің кәсіби білімі мен ұрыс дағдыларын жетілдіруді көздейді. Сарбаздар әскердегі қызметтік міндеттерін меңгеріп, қару-жарақ пен техниканың қолдану тәртібін үйренеді. Мерзімді әскери қызметшілер үшін бұл – әскери мамандықты игерудің алғашқы кезеңі. Ал келісімшарт бойынша борышын өткеретін әскери қызметшілер кәсіби шеберлігін жетілдіреді. Қазір 25 мыңнан астам әскери қызметші даярлықтан өтіп жатыр. Курс аяқталған соң, 10 тамыздан бастап барлық әскери бөлімде бақылау сабақтары өтеді.