Салық түсімдері бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр
Қазақстан бюджет кірістерінің көлемі бойынша Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр.
Елде салық және жан басына шаққандағы салық түсімдерінің көрсеткіші бойында алға жылжыды. Елде Smart Data Finance ақпараттық алаңына 78 мемлекеттік базаның мәліметтері біріктірілген. Келесі кезеңде жауаптылар үлкен деректер мен жасанды интеллект технологияларына негізделген AI-salyq платформасын енгізуді жоспарлап отыр.