Шаруаларды қолдауға ₸60 млрд бөлінеді
Биыл "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" шаруаларды қолдауға 60 млрд теңгеден астам қаржы бөледі.
Алғашқы жартыжылдықта ұлттық оператор 52 млрд теңгеге қаржы бағыттаған. Қаражаттың едәуір бөлігі «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» айналым қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей сатып алу бағдарламасы аясында шаруашылықтар корпорацияға 192 мың тоннадай дәнді және майлы дақыл өткізді. Былтырғымен салыстырғанда бұл екі есе көп. Көктемгі егіс жұмыстарын форвардтық қаржыландыруға172 ауыл шаруашылығы құрылымы қатысып, 471 мың тонна дәнді және майлы дақыл жеткізуге уағдаласқан еді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының шаруашылықтары үшінші сыныпты бидай жеткізуге міндеттенсе, Павлодар және Шығыс Қазақстан фермерлері күнбағыс тапсырады.