Физикадан халықаралық олимпиадада 5 оқушы алтын медаль жеңді

Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық олимпиадада 5 алтын медаль жеңіп алды. Бұл бұрың-соңды болмаған тарихи жеңіс. Зияткерлік сайыс Колумбиада өтті.

Оған 85 мемлекеттен 400 қатысушы тіркелген. Ұлттық құрама теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды сәтті орындап, ең үздік нәтиже тіркеді. Физикадан халықаралық олимпиада мектеп оқушылары арасындағы ең беделді жарыс саналады. Қазақстан бұл олимпиадаға 1997 жылдан бері қатысып келе жатыр. Былтыр қазақстандық оқушылар екі күміс, үш қола жеңіп алса, биыл бес оқушының бесеуі де алтыннан алқа тақты.